Келешек мектебі: Жетісу ауданында білім ордасы ашылды

Ғимарат1200 оқушы орнына жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жетісу ауданындағы №225 жалпы білім беретін «Келешек мектебі» ашылды. Заманауи білім ордасында алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты іс-шара өнерпаздардың қойылымдарымен басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мектебім – жарқын болашақ бастауы!» деген атаумен өткен жиын Конституция құндылықтарын дәріптеуге арналды. Іс-шара жаңа білім ордасының кілтін табыстау рәсімімен жалғасты. Оны қала әкімінің орынбасары мектеп директорына салтанатты түрде тапсырды. Артынша лента қиылып, шашу шашылып, ақ тілектер ақтарылды. 

«Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа ғимаратымыз, мектебіміз 1200 оқушы орнына жоспарланған. Қазіргі таңда біз 150-ге жуық шәкіртімізді бүгін есігімізді айқара ашып білім күнінде қабылдап алдық. Бұл мектептің, келешек мектебінің негізгі идеясы - барлық оқушылар заманауи, сапалы білім ала отырып барлық мүмкіндіктерге ие болу ұстанымында», – деді № 225 жалпы білім беретін «Келешек мектебінің» директоры Гүлбану Тәуекелова. 

«Осы мектепке мен баламды алып келдім. Бұл «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің қатарында. Осы мектептің ашылғанына қуаныштымыз ата-ана ретінде.Жаңа мектеп ел болашағы мен өскелең ұрпаққа жасалған үлкен сый», – деді  ата-ана Гауһар Ыбырайымқұлова.

Оқи отырыңыз: Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды