Республика бойынша 780 мың азамат минималды жалақыны місе тұтып жүр
Келесі жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 99 мың теңге болуы мүмкін. Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Асқарбек Ертаевтың сөзінше, 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында азаматтық қызметкерлердің жалақысын көбейту қарастырылған. Егер қаржы жоспары бекітілсе, келесі жылы қаңтар айынан бастап дәрігерлер мен мейірбикелердің, фельдшерлердің, мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ғалымдар мен зерттеушілер сияқты бірқатар мемлекеттік және қоғамдық салада жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өседі.
Айта кетейік, елдегі ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге. Республика бойынша 780 мың азамат минималды жалақыны місе тұтып жүр.
«Азаматтық қызметкерлеріне ең төмен жалақы көрсеткішін енгіздік. Жыл сайын көрсеткішті барлық министрліктің қарауына енгіземіз. Әдістеме бар, конвенцияның ратификациясын жасадық. Ең төменгі жалақы жыл сайын қарастырылуы керек», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады