Нақты қанша қаражат аударылатыны балалардың санына байланысты анықталады
Келесі жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы арқылы кәмелетке толмаған қазақстандықтардың арнайы шотына түсетін қаражат биылға қарағанда көп болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқарудан осы жылдың 10 айында 5,3 млрд доллар табыс тапқан.
"Төлем қаңтар айында жасалады. Өткен жылы біз әр балаға шамамен 100 доллар аудардық. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте позитивті уақыт болды. Сол себепті келесі жылдың қаңтарда сома көп болуы мүмкін", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Балалардың шотына нақты қанша қаражат аударылатыны әзірге белгісіз. Төлем балалардың санына байланысты болмақ.
Оқи отырыңыз: Доллар неге күрт қымбаттады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады