Алматыда кене шаққан тұрғындар саны артып жатыр. Медициналық мекемелерге 400-ге жуық адам жүгінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандар зиянкестердің көктемнен бастап белсенді болатынын айтып, сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Бұл ретте нені білген жөн? Бұл сұраққа бізбен тікелей байланысқа қосылған Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің қызметкері Бибігүл Нұрғалиева жауап беруге дайын.
– Бибігүл Мұхамедқалиқызы, қалада кене шаққан адамдар саны 400-ге жуықтаған. Қазір жағдай қаншалықты қауіпті, тұрғындар алаңдауы керек пе?
«Алматы қаласының маңайы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймаққа жатады. Сондықтан да осы инфекцияның таратушылары кенелер кеңінен таралған. Кенелер негізінен қаламызда көктемнің алғашқы айынан күздің соңғы айларына дейін белсенді болады. Ең белсенді кезеңі осы сәуір-мамыр, маусым айларында байқалады. Осыған байланысты осы кезеңдерде кене шағудан зардап шеккен адамдардың саны да көбейеді. Биыл 400 ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл көпжылдық деректер мәліметі бойынша бірдеңгейде. Өйткені, қазір кенелердің белсенді уақыты».
– Кене қандай ауруларды таратады және олардың алғашқы белгілері қандай?
«Жәндәктер кене энцефалитінің, кене барилезінің тасымалдаушылары болып табылады. Кене энцефалиті – жіті түрде басталатын, вирустық табиғи ошақтық инфекция. Оның алғашқы белгілері жіті респираторлық тұмау тәрізді ауруларға ұқсас келеді. Оның алғашқы белгілері дене қызуы жоғары көтеріліп, бас ауырады, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар адамда құсу, жүрек айну деген сияқты белгілер байқалады. Егер де бұл аурумен ауыр түрде ауырған жағдайда адам мүгедектікке ұшырап қалуы мүмкін. Кей жағдайда өліп кетуі мүмкін».
– Кене шақпау үшін ең тиімді қорғану тәсілдері қандай? Қарапайым халық табиғат аясына шыққанда нені ескеруі керек? Егер адамды кене шақса, не істеуі керек
«Кене инфекциясының алдын алудың ең тиімді жолы – осы энцефалитке қарсы екпе алу. Екпе қалада тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізіледі. Бірнеше кезеңнен тұрады. Бастапқы екпе қыс айларында салғаны. Егер қыс айында алып үлгермесе, екі кезеңнен тұратын екпе алу қажет. Екпені табиғи ошаққа шықпастан бұрын, екі апта бұрын салған дұрыс. Сонымен бірге адамдар табиғи ошаққа, демалысқа немесе жұмыс істеуге барғанда бірқатар қарапайым шараларды есте сақтаған жөн.
Ең бірінші киіміне көңіл бөлу қажет. Неғұрлым жабық, жеңі ұзын жейде, кене бірден көзге ілінуі үшін түсі ашық болуы керек. Сонымен қатар, табиғи ошақта жүрген кезде өзінің үстін, айналасындағы адамдардың киімін кененің бар жоғынан тексеріп отыру қажет. Сонымен бірге, ол кененің бар жоғын үйге келген кезде де, сол табиғатттан әкелген ағаш бұтақтар болсын, гүл болсын соның бәрін тексеру қажет.
Алдын-алу шараларының бірі – кенелерді үркітетін зат репиленттерді пайдалану. Адамды кене шағып алған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгінген жөн. Неғұрлым ертерек 4 күн ішінде кене шаққанан кейін, дәрігерге бару қажет. Бұл жерде адамға білікті мамандар шұғыл көмек көрсетіп, кенені денеден алып, өзінің көрсеткіші бойынша кене энцефалиніне қарсы иммунагобилин салады. Қаламызда 5 травмотологиялық бөлімше күні-түні жұмыс істейді».
Оқи отырыңыз: Елде маймыл шешегіне ауруы тіркелген жоқ — ДСМ