Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарыла ма – министр жауабы

27.09.2024 14:14

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Нысан жыл соңына дейін жауапты ведомствоға қарасты «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс. Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 миллион текше метр.

Айта кетейік, кездесу барысында Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету, су сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды. Өз сөзінде министр нысандағы гидротехникалық құрылыстардың апатты жағдайда екен де жеткізді.

«Біз оны өзіміздің теңгерімге алған соң көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Биыл бірінші сол гидроцехтың құрылымдары қандай жағдайда екені анықтаймыз. дамбаның жағдайы қандай екенін көпфакторлы зерттеу анықтап береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Атыраулық тұрғындар тоқ желісін сырттан тікелей тартуға мәжбүр