Кентауда қоқыс жәшігінен нәресте табылды

10.12.2025 10:05

Полиция өкілдері тергеу жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жай анықталған соң процессуалдық шешім қабылданатынын айтты

Depositphotos

Түркістан облысында жаңа туған сәбидің өлі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы мәліметінше, жаңа туған сәбидің анасын іздеу жұмыстары басталған.

"Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын және мүмкін куәгерлерді сұрастырып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелер тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері тергеу жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жай анықталған соң процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Істің өзге деректері тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Биыл су саласының 800-ден астам маманы біліктілігін арттырды