Кентауда зергерлік дүкенніне түскен ұры ұсталды

26.02.2026 16:01

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр

Кентауда ұры түн ортасында зергерлік дүкеннің есігін бұзып кіріп, құны 9 миллион теңгелік алтын бұйымдарды қолды қылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алайда ер адам өз ісінің камераға түсіп қалғанын аңғармаса керек. Дәл осы бейнежазбалар арқылы полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, бұрын сотты болған азаматты анықтады. Тінту кезінде оның үйінен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен өзге де заттай айғақтар табылды. Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.

«Орын алған қылмыстан белгілі болғаны дабыл белгісі қосылмаған. Есігі шыныдан жасалған. Дүкеннің сыртында бейнебақылау камералары орнатылмаған. Алтын бұйымдар арнайы сейфке салынбаған. Осы тектес қылмыстарды болдырмау үшін әр азамат өзіне тиесілі мүліктерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, қауіпсіздік шараларын сақтау керек», – деді ¤Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Саят Шекербеков.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде 3 өңірде мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Теги: Кентау Ұры