Кентаудағы жарылыс: тамақтану орнында зардап шеккен екінші науқас көз жұмды

12.01.2026 15:15

Денесінің 90 пайызын күйік шалған 20 жастағы жігітті дәрігерлер аман алып қала алмады

Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен екінші науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денесінің 90 пайызын күйік шалған 20 жастағы жігітті дәрігерлер аман алып қала алмады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 1 қаңтарға қараған түні болған. Алдын-ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан. Оқиға орнында 18 жастағы студент қыз көз жұмып, тағы 5 адам зардап шеккен.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер қоғамдық тамақтану орнының иесі кінәлі деп айып тағылса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

«ҚР заңында 22-бабында 2 қабаты пәтерден асатын көпқабатты үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға немесе пайдалануға тыйым салынады делінген. Бұл жерде осы құқықбұзушылық орын алып отыр», – деді Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Төлегенов.

Оқи отырыңыз: Қуып жүріп, пышақтаған: Шымкентте 21 жастағы бойжеткен көз жұмды