Көпшілігінің күту уақыты бір тәуліктен асып кеткен
Ақтауда ұшақтар ұшпай, жүздеген адам жолынан қалды. Екі тәуліктен бері әуежай аумағынан әрі аса алмағандардың ішінде шет ел азаматтары да бар. Ал жақын маңдағы қонақ үйлерде ине шаншыр орын жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақтауда жүздеген адам екінші күн қатарынан терминалда қалды. Көпшілігінің күту уақыты бір тәуліктен асып кеткен. Кешеден бері әуежай маңынан ұзай алмаған Артурдың айтуынша, Алматыға ұшатын бір рейстің өзі бірнеше рет өзгерген.
«Таңертең Алматыда жұмыста болуым керек еді. Бірақ ұшақ ұшпай қалды. «Алдымен 30 минутқа, сосын 1 сағатқа кешігесіздер» деді. Енді 18 сағатқа кейінге қалдырды. Әуежайдағы әкімшіліктің айтуынша, ауа-райының қолайсыздығы әсер етіпті. Бір ұшақ қона алмай, Атыраудағы әуежайға кетті», – деді жолаушы Артур Вернер.
Оқи отырыңыз: Шымкентте бірнеше адам жабылып ұрған автобус жүргізушісі аурухана жатыр