Әкежан Кеңесов: «Жаңа Конституция – әділетті қоғам құрудың берік негізі»

02.07.2026 12:34

Қоғамдық кеңес мүшесінің пікірінше, Конституцияның басты құндылығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық беруінде

РСК Алматы

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әкежан Кеңесов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ел дамуының жаңа тарихи кезеңінің басталғанын атап өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жаңа Конституция - мемлекеттің мыңжылдық тарихына, халыққа деген құрметке, әділеттілік қағидаттарына, «Заң мен тәртіп» ұстанымына және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікке негізделген маңызды құжат.

«Жаңа Конституция, ең алдымен, әділетті қоғам құрудың берік негізіне айналады деп сенемін. Оның күшіне енуімен еліміздің саяси және құқықтық дамуында жаңа кезең басталып отыр», – деді Әкежан Кеңесов.

Қоғамдық кеңес мүшесінің пікірінше, Конституцияның басты құндылығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық беруінде.

«Конституция адам құқықтары мен бостандықтарына негізделген. Бұл – мен үшін ең маңызды қағидаттардың бірі. Жаңа өзгерістер еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып, Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа мүмкіндік береді», – деді ол.

Сондай-ақ, Әкежан Кеңесов жаңа Конституцияның ел экономикасын дамытуда да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Елордада Конституция аллеясы ашылды