Халық Кеңесі ҚХА мен Ұлттық құрылтай қызметтерін орындауды жалғастырады

t.me/consot_kz
t.me/consot_kz

Сондай-ақ халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы «бірнеше жыл бойы мұқият қалыптастырып келе жатқан саяси құрылымның үйлесімді түйіні» ретінде тарихи әрі маңызды ұсыныс айтты. Президент бірқатар елде бар Вице-президент институтын енгізуді ұсынды. Мемлекет басшысының өзі атап өткендей, «біздің жағдайымызда бұл лауазымды енгізу мемлекетті басқару процесін тұрақтандырады. Сондай-ақ билік иерархиясын біржола айқындап береді». Сонымен қатар реформалардың жаңа кезеңінде қоғам дамуының барлық мәселесіне қатысты тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылды», - деп атап өтті ол.

Ержан Жиенбаевтың айтуынша, аталған орган халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға ықпал ететін негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады.

Осы екі маңызды институт бойынша негізгі ережелер Конституция деңгейінде тиісті регламенттеуді талап етеді.

Оның айтуынша, Халық Кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.

«Халық Кеңесіне қатысты. Халық Кеңесінің мәртебесін Конституцияда бекіту мақсатында онда жеке бөлім көздеу ұсынылады. Біріншіден, Халық Кеңесі Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін мемлекетіміздің жоғары консультативтік органы екендігі туралы норманы көздеу қажет. Құрамы Қазақстан Республикасы азаматтары қатарынан Мемлекет басшысы тарапынан қалыптастырлатындығын қамту керек. Сондай-ақ – Халық Кеңесінің мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша, яғни қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті және ынтымақтастықты нығайтуға, сонымен қатар мемлекет қызметінің қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі негізгі өкілеттіктерін регламенттеу қажет.

Сонымен қатар Президент Халық Кеңесі заң шығаруға бастамашылық ету құқығына ие болуы қажеттігін атап өтті. Бұл да Конституцияда бекітілуге тиіс», - деді Е. Жиенбаев.

Халық Кеңесінің құрылу, құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру мәселелері бөлек конституциялық заңмен айқындалатын болады.

Халық Кеңесінің жоғарғы органы жылына кемінде бір рет шақырылатын Сессия болады. Осылайша, Халық Кеңесі Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Ұлттық құрылтай тәрізді тұрақты жұмыс істейтін орган болмайды.

Оқи отырыңыз: Жоғары сот судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беру ұсынылды

Новости партнеров