Вице-президент өкілеттігіне қатысты талаптар қандай – Конституциялық реформа
t.me/consot_kz
Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елімізде енгізілетін жаңа институт – Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.
- Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады.
Сонымен бірге Вице-Президент:
- Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
- Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.
- Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.
- Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.
- Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.
Президент көмекшісі Ержан Жиенбаев Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет екенін де айтты.
- Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.
- Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.
- Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.
Оқи отырыңыз: Халық Кеңесі ҚХА мен Ұлттық құрылтай қызметтерін орындауды жалғастырады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
11.09.2026 13:00
Ізденістен қорықпаңыз: 12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
12.09.2026 10:37
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
12.09.2026 09:08
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Шашты қаншалықты жиі жуған дұрыс
12.09.2026 12:58