Тегін кеңес ай сайын қаланың барлық ауданында беріледі
Алматыда тегін құқықтық кеңес беру акциясы өтті. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары заңгерлерге, прокурорлар мен полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселесіне қатысты жауап алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәселен, заңгерлер күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлардың шешу жолдарын көрсетсе, күрделі түйткілдерге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың сөзінше, мұндай қабылдаулар азаматтарға түрлі мекемелерді араламай-ақ, құқықтық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Ашық есік күндері ай сайын қаланың барлық ауданында өткізіліп тұрады.
«Тұрғындардың басым көпшілігі мүлікті бөлу мәселелері, жеке сот орындаушылардың қызметіне қатысты, есеп шотының бұғатталып қалған жағдайда қайда бару керек екенін сұрады. Жалпы, іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып ғана қоймай, олардың тегін көмек алуына жағдай жасау», – деді Әділет департаментінің ресми өкілі Шынар Әбзелбек.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматылық оқушыларға құқықтық мәдениет дәрісі өтті