Халық жазушысы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
Қасымхан Бегманов / Facebook
Ол 85 жасына қараған шағында өмірден өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады», — деп жазды Қасымхан Бегманов.
Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, қазақ поэзиясының қоржынына мұра болған өлеңдері және өз оқырманын тапқан пьесалары қалды.
Оқи отырыңыз: Алты айда 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00