Ер адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақүйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды.
«Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астанада ер адамды көлік қағып кетті