Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде болып, басқа келушімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.
Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстаған болатын.
Оқи отырыңыз: Жылыту маусымы: былтыр мегаполисте қанша адам ыс тиіп қаза тапты