Мемлекет басшысы Жолдауында келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады
Алматыда халықаралық нан күніне орай «НАН –FEST» қалалық кәсіби байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алты колледждің 10 білім алушысы аспаздық шеберлігін сынап, тәжірибе алаңында кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыс жұмысшы мамандығының беделін арттыруды мақсат еткен. Жеңімпаздарға ақшалай марапаттар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауында келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
"2019 жылдан бастап Қазақстанымызда халықаралық нан күні деп 16 қазан бекітілген. Эксперт ретінде бақылау өткізіп отырған ұстаздар емес, саланың шеберлері жан-жақтан келіп, студенттердің жұмысын бағалайды", – деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжі директорының міндетін атқарушы Айнұр Мұқажанова.
"Қатысудағы мақсатым – өз тәжірибемді көрсетуге. Мамандығым – технолог-аспаз. Үш жылдан бері наубайханада нан пісіріп жүрмін, тәжірибем бар", – деді байқауға қатысушы Санжар Өмірзақов.
Оқи отырыңыз: Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады