Бұл - еліміздің түкпір-түкпіріндегі AI-таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды бастама
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елімізде ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл - Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі AI-таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды бастама. Байқаудың финалдық кезеңі Астанада орналасқан alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтеді,
Өтінімдер 2026 жылғы 22 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.
alem.ai battle оқушыларды, студенттерді, стартап-командаларды және зерттеушілерді бір алаңға тоғыстырып, AI-жобалардың прототиптен бастап толыққанды технологиялық шешімге дейін жүйелі түрде дамуына мүмкіндік береді.
Байқау төрт негізгі санат бойынша өтеді:
Байқаудың жалпы жүлде қоры 25 млн теңгені құрайды. Іріктеу нәтижесінде финалға 20 үздік команда жолдама алады. Қорытынды кезеңде сарапшылар алқасы әр санат бойынша төрт жеңімпазды анықтайды.
alem.ai battle - еліміздегі AI-таланттар мен әлеуеті жоғары жобаларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы. 2025 жылы Digital Bridge халықаралық форумы аясында өткен AI SANA: Generative Nation ұлттық байқауы қазақстандық қатысушылардың жоғары деңгейін және отандық AI-жобалардың жетілгенін көрсетті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында біз цифрлық мамандарды жүйелі түрде даярлап, дамытып келеміз. Былтыр AI SANA: Generative Nation Қазақстанда AI саласында жеткілікті әрі мықты дарынды жастар ортасы қалыптасқанын дәлелдеді. Бұл жай ғана әлеует емес, нақты әрекет ететін күш. Біз мектептегі идеялардың жұмыс істейтін прототиптерге, студенттік бастамалардың салалардың цифрлық трансформациясына, ал ғылыми зерттеулердің жоғары технологиялық жобаларға айналып жатқанын көріп отырмыз. alem.ai battle осы жолдың заңды жалғасы әрі жасанды интеллект саласындағы болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған миссиямыздың бір бөлігі», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденген топқа қатысты сот үкімі шықты