Кітап оқитын ұлт: Димаш Құдайберген бастамаға үн қосты

22.09.2026 15:29
Фото видеодан алынды

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны ресми түрде жалауын желбіретті. Жобаға әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген де қолдау білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі

Дүниежүзілік сахналарда қазақ мәдениетін ұлықтап жүрген Димаш байқаудан тыс, арнайы «Парасат» санаты бойынша қатысып отыр. Әнші белгілі суретші, халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық кітабын таңдаған.

Бұл туынды — тағдырдың ауыр соққысына мойымай, өмірге деген шексіз құштарлық пен қажырлы еңбектің арқасында биік белестерді бағындырған тұлғаның шынайы өмірбаяны.

"Қарағандыда Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым. Марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашсын!"- деп жазды ол парақшасында.

Оқи отырыңыз: Кітап оқитын ұлт: елімізде үздік оқырмандар анықталады

Толық көрсету