Тек сақтық шараларын ұстану арқылы алаяқтарға тосқауыл қоюға болады
Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы уақытта көбейіп кеткен телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттікке белгісіз тұлғалар атынан хабарласып, өздерін «заңгер» немесе «тексеруші маман» ретінде таныстырып, «сіздің ұйымға қатысты тексеріс басталды» деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратылып жатқаны туралы мәліметтер түскен.
Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды.
ҚМА өкілдері азаматтардан шот нөмірін, SMS-кодтарды, жеке құжаттар мен өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді.
Алаяқтықтың негізгі белгілері:
ҚМА мәліметінше, мұндай жағдайлар көбіне зейнет жасындағы азаматтарға бағытталып, олардың сенімін пайдалану арқылы жүзеге асады.
Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:
ҚМА азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге және өз деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Тек сақтық шараларын ұстану арқылы алаяқтарға тосқауыл қоюға болады.
Оқи отырыңыз: Атыраудағы 7 жастағы қыз өлімі: педофилге сот үкімі шықты