Қойдың жүнін ауылдан алдым: Павлодарлық шебер балконында жүн кептіріп, матрас тігуде

Фото Амина Женис
Фото Амина Женис

Ол тың әдістерін балаларға үйретіп, ұлт мұрасын заманауи ұрпаққа табыстап келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айнагүл Арабданова – қала жағдайында таза жүнді кір машинада жуып, балконында кептіріп, одан табиғи әрі жайлы матрастар дайындайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық дәстүрді жаңғыртқан ол табиғи материалдан жасалған төсек жабдықтарының денсаулыққа пайдалы екенін айтты.

"Қойдың жүнін ауылдағы туыстарымнан аламын. Бір матрасты жасау үшін алты күн уақытым кетеді. Үш күн жүнді балконда кептірем және үш күн өңдеймін. Нәтижесінде  сапалы, табиғи, қолдан тоқылған өнім пайда болады. Қазіргі таңда жүннен матрастан басқа нәски, шәлі, сырмақ, тәпішке сияқты заттарды тоқимын",– дейді Айнагүл Арабданова. 

Жүн өнімдерімен бала кезінен айналысып келе жатқан шеберге қолөнерге деген қызығушылықты анасы сіңірген. 20 жасынан бастап бұл іс  тек ермек емес, өмір жолына айналған. 

Осы жылы алғаш рет наурыз мейрамынна қарсы мектептерде жүн иіру, жіп жасау, сырмақ пен тәпішке тоқу сияқты игі істерді балаларға көрсетіп, үлкен қызығушылық тудырған.

"Ұршықпен жіп иіргенде  уақыт тоқтап, ойың тазарады. Бұл тек қолөнер емес, жанға шипа. Ең бастысы ұлттық құндылықты сақтап, балаларға жеткізу",  – дейді шебер.

Бұл - бастама ұрпаққа ғана емес, болашаққа да қызмет ететін іс. Жүн иіру, жіп жасау, шәлі тоқу сияқты ата-бабамыздан қалған өнердің жойылып кетпеуі үшін дәл осындай адамдардың еңбегі ауадай қажет.

 Дереккөз: Pavlodarnews.kz 

Оқи отырыңыз: Мен жұмысшы мамандықты таңдаймын: елімізде онлайн-байқау басталды

Новости партнеров