Облыстық Экономикалық тергеу департаменті де аталған жобаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Түркістан облысында 7 млрд теңгеге салынған жағажай қаңырап бос тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатта «халықаралық деңгейдегі туристік нысан» ретінде көрсетілген орталық 3 жыл бұрын пайдалануға берілген. Алайда құрылыстың сапасыздығынан және су тасқыны салдарынан ол толық іске қосылмаған. Қазіргі уақытта аумаққа рұқсатсыз кіруге шектеу қойылыпты. Қаржы болмаған соң, жағажайдың екінші бөлігінде де жұмыс тоқтап тұр. Ал мердігер мекемеге өз міндеттемесін орындамағандықтан, 1 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық Экономикалық тергеу департаменті де аталған жобаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Жалға алған кәсіпкерлер тарапынан қайта қалпына келтіріліп жатыр. Ол мәселелердің барлығы ретке келтіріледі. Жағажай өзінің функционалдық қызметін жоғалтуына байланысты қараусыз қалды. Топан су, форс-мажорлық жағдайдың орын алды. Қайта ретке келтіру үшін жан-жақты жұмыс жасап жатырмыз», – деді облыстық Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.
Оқи отырыңыз: “Көлсай көлдері” ұлттық паркінің аумағынан қар ілбісі мен қоңыр аю көзге түсті