Көкшетауда ер адам автокөлікті иесімен бірге ұрламақ болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алайда тәртіп сақшылары бұл әрекетті дер кезінде тоқтатты. Полицейлердің мәлімдеуінше, Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны түнде дәмханадан масаң күйде шығып, танымайтын адамның көлігіне отырған.
Ең қызығы, сол сәтте темір тұлпар иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатыпты. Күдікті арам пиғылын іске асырмақ болған кезде патрульдік полиция оның жолын кескен. Ол көлікпен бар болғаны 10 метр ғана жүріп үлгеріпті. Қазір аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Павлодарда әйелдің басына мұз кесегін лақтырған адам анықталды