Көкшетау қаласында жұмысшы сатыдан құлап қайтыс болды

16.07.2025 08:41

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ümit Yıldırım/unsplash.com/

Бастан алған жарақат салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 шілдеде Көкшетау қалалық полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен қаладағы кәсіпорындардың бірінде болған жазатайым оқиға туралы телефон хабарламасы түскен.

Қазір аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі – "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Өткен жылы 14 миллионнан астам сәби бірде-бір екпе алмаған