Қала әкімдігі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды
Алатау қаласында қоқыс полигонында болған ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алатау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күш-құралды, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.
«Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған. Жағдай тұрақты бақылауда. Тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ. Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізіледі.
Қала әкімдігі тұрғындардан сабыр сақтап, ресми ұсыныстарға құлақ асуды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр