Оқиға орнында құтқарушылардың демалуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, және де шатырлы лагерь құрылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төитенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қабылданған шаралардың нәтижесінде ашық жану бүкіл периметр бойынша сөндірілді.
"Құтқару бөлімшелері ошақтарды инертті материалдармен толтырып, кейіннен топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізуде. Бұл әдіс оттың жану аймақтарына оттегінің бару жолдарын толығымен жауып, өрттің толық жойылуын қамтамасыз етеді. Оқиға орнында құтқарушылардың демалуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, және де шатырлы лагерь құрылды", - деп атап өтті ТЖМ өкілдері.
Жеке құрамды ыстық тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз ететін далалық асхана жұмыс істеуде. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖМ Медициналық апаттар орталығының жедел медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған реанимобилі бар дәрігерлері кезекшілік атқарып жатыр.
Өрт орнында зерттеу-сынақ өрт зертханасының қызметкерлері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында өртке байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін