Көлсай, Бурабай және Алтынемел: Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 3,7 млн адамға дейін өсті

пресс-служба Правительства
пресс-служба Правительства
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің табиғи аумақтарына отандық азаматтар мен шетелдік қонақтар тарапынан қызығушылықтың артып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн адам келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жеткен, — деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, келушілер саны шамамен 900 мың адамға өскен. Бүгінгі таңда негізгі әлеует ұлттық парктерде шоғырланған, олардың аумағында 179 туристік маршрут пен 42 экологиялық соқпақ жұмыс істеп тұр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру аясында өңірлерде қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза туризм» бағдарламасы іске асырылуда. Шарын және «Көлсай көлдері» ұлттық парктерінде сәтті сынақтан өткеннен кейін, жоба Іле-Алатау, Алтынемел, Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Көкшетау, Баянауыл және Бурабай аумақтарына кеңейтілді.

«Бағдарлама аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 179 контейнер мен 81 урна орнатылып, 170 ақпараттық баннер орналастырылды және 7 фандомат қойылды. Сондай-ақ келушілерге ұлттық парк аумағынан қоқысты өздігінен жинап, алып шығуы үшін биоыдырайтын пакеттер беріледі. Ағымдағы жылы бұл бағдарлама Катонқарағай, Бұйратау, Ұлытау, Жоңғар-Алатау және Тарбағатай ұлттық парктерінде жалғасуда», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Оқи отырыңыз: Құрғақ шөптің тұтануы: Алматылықтар жаз мезгілінде қандай талаптарды сақтауы тиіс

Новости партнеров