Көлігін жол жиегіне қалдырған жүргізушілерге айыппұл салынды

09.01.2026 15:15

Бір күндік рейд барысында  100-ге жуық ереже бұзғандар анықталды

Жамбыл облысында бір жылда 1040 жүргізуші көлігін жол жиегіне тастап кеткені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлер осындай автокөлік иелерінің кесірінен жол көлік оқиғаларының көп болатынын айтып отыр. Сондықтан жылдың басын рейдпен бастаған тәртіп сақшылары абайсызда ереже бұзғандарға тек ескерту жасап жатыр. Алайда барлығына емес. Көлігін көше бойына қалдырған жүргізушілерге алдымен ескерту сипатындағы SMS хабарламалар жолданады. Оны елемегендердің көлігін айып тұрағына алып кетеді. Жалпы бір күндік рейд барысында 100-ге жуық ереже бұзғандар анықталды.

«Бұл жерде яғни негізгі мақсат – халықты жазалау емес, тәртіп орнату. Алдымен бірден айыппұл салу емес, көлік иелерін шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Заң мен тәртіп орнату керек екенін полиция қызметкерлері түсіндіруде», – деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз: Көктайғақ, тұман: алдағы демалыста күн райы қандай болады