Көлік жүргізушілеріне арналған жаңа интернет-алаяқтық түрі пайда болды

Depositphotos
Depositphotos

Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жіберген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберуге байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп отыр.  

"Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Полиция еске салады: ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға арналған сілтемелерді қамтымайды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда қиыршық тасты заңсыз өндірген компания анықталды

Новости партнеров