«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде таутекелер бейнежазбаға түсіп қалды

26.08.2026 21:58

Таутекелер үшін биік таулы, жартасты аумақтар — қалыпты мекен

кадр видеодан алынды

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кезекті қызметтік бақылау кезінде таутекелер кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазбаға тау бөктерімен еркін қозғалып жүрген бірнеше таутеке түскен. Олар біраз уақыт мамандардың назарында болып, кейін өз бағытымен қозғалысын жалғастырды.

Таутекелер үшін биік таулы, жартасты аумақтар — қалыпты мекен. Осындай кадрлар ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарларды табиғи ортасында көруге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға «Көлсай көлдері» ұлттық паркінен түсірілген бейнекадрларды ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысының тауларында турист аюды жолықтырып, кездесу ерекше аяқталды

Толық көрсету