Негізгі акцияның мақсаты – Алматы қаласы, Алматы облысы және осы өңірді қамтыған мектеп оқушыларының арасында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру
Дәстүрлі жоба жалғасын тапты. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында республикалық маңызы бар «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындар мен қонақтарды табиғатты аялауға, саябақтар мен қорықтардың гүлденуіне үлес қосуға шақыру. Акцияға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушылар ұлттық парк және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Негізгі акцияның мақсаты – Алматы қаласы, Алматы облысы және осы өңірді қамтыған мектеп оқушыларының арасында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру. Табиғатқа деген жанашырлық дегеніміз – адамның қоқыс тастамауы немесе табиғатқа қамқорлықпен қарау туралы көзқарасын қалыптастыру. Екіншісі, бұл – жыл сайын өткізілетін акция. Биылғы акциямыз 19-рет ұйымдастырылып отыр», – деді «Көлсай Көлдері» МҰТП директорының орынбасары Хамит Ахмето..¤
Тұмса табиғатымен төрткүл дүниенің төріне айналып келе жатқан көрікті мекен жыл сайын көркейіп барады. Қуантарлығы, әлімнің түкпір түкпірінен туристер ағылып келуде. Жыл басынан бері 120 мың саяхатшы қонақ болса, былтыр олардың саны 600 мыңға жеткен. Мемлекет тарапынан «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркін туризм ошағына айналдыру мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылдың өзінде туристер мен демалушыларға арналған 9 туристік маршрут қызмет көрсетіпті. Онда жаяу жүргіншілер жолы салынып, көру алаңдары бой көтерген. Бұдан бөлек, алдағы уақытта тың жобаларды іске асыру қолға алынған.
«Өздеріңіз білесіздер, биыл Көлсай көлінен екінші көлге дейін құны 15 млрд болатын жоба — аспалы көпір салынып жатыр. Жобасы презентациясын қорғады. Жер мәселесі шешілді. Биылғы жылы бастайды. Бұйырса, 2027 жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі. Қайыңды өзеніне баратын 12 шақырым жол салынып жатыр. Осы тамыз айының аяғына дейін толық бітіріп, қолданысқа беріледі», – деді Саты ауылдық округінің әкімі Нұрым Сағымжан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қолжазба мұрасы»: Алматыда халықаралық ғылыми жиын өтуде