Көлсайда жылан шаққан жасөспірімге құтқарушылар жедел көмек көрсетті

06.07.2026 14:58

ТЖМ жылы мезгілде жыландар белсенді болатынын ескертеді

Depositphotos.com

ТЖМ құтқарушылары жылан шаққан жасөспірімге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылар жүгініп, 16 жастағы қызды жылан шаққаны туралы хабарлаған.

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ жылы мезгілде жыландар белсенді болатынын ескертеді.

"Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген соқпақтардан шықпаңыз, демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымында нені ескерген жөн