Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ТКШ жаңғырту ұлттық жобасының барысын баяндады
Қазақстан Үкіметінде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың аралық нәтижелері қаралды. Қай өңірлер жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындап жатқанын, ал қайсысы бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден артта қалып отырғанын Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев баяндады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап..
Ведомство мәліметінше, EPC-келісімшарттардың үлесі бойынша (бір мердігер ұйым жобаны толық аяқтағанға дейін жауап береді) Атырау және Жетісу облыстары абсолютті көшбасшы атанды. Ал коммуналдық инфрақұрылым нысандарындағы жөндеу жұмыстарының нақты көлемі бойынша Павлодар және Қарағанды облыстары алдыңғы қатарда.
Сонымен қатар, бірқатар аймақтар жұмыс қарқыны төмен екенін көрсетіп, бекітілген кестеден айтарлықтай кешігуде. Аутсайдерлер тізіміне мына өңірлер кірді:
Ал Қызылорда облысында инфрақұрылымдық жобалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылуда.
Ұлттық экономика вице-министрі келесі кезеңге арналған жобалар пулын қалыптастыру бойынша өңірлердің аралық рейтингін де жариялады. Жоғары белсенділік танытқан Абай облысы 26 жоба ұсынып, көш бастап тұр. Көшбасшылар тізімінде одан кейін Жетісу және Жамбыл облыстары орналасқан.
Ал рейтингтің соңында Қостанай, Ақтөбе және Ұлытау облыстары тұр.
«Олар 4,1 млрд-тан 11,7 млрд теңгеге дейінгі көлемде өтінім берді. Бұл көрсеткіш келесі жылға арналған жобалар қоржынын қалыптастыру деңгейінің өте төмен екенін білдіреді», — деп түйіндеді Асан Дарбаев Үкімет отырысында.