Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде

20.12.2024 23:15

Түнгі уақытта 21 техника тізбегі жолды күреу мен қарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді

Пресс-служба акима города Алматы

Алматының коммуналдық қызметі қардың қалың жаууына байланысты қала көшелерінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

20 желтоқсан сағат 8:00-де жауа бастаған қар сағат 22:00-де тоқтады. Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша қалада қардың қалыңдығы 12 см-ге, ал таулы аймақтарда 18 см-ге жетті.

Қар жауа бастағаннан кейін тау және тау бөктеріндегі аудандарда, кейін қала аумағында жолдарға мұзға қарсы материалдар себу жұмыстары басталды. Бұған 2450 тонна материал жұмсалып, бірінші кезең сағат 16:30-да аяқталды. Күн батқан соң температураның 0°C-тан -4°C-қа дейін күрт төмендеуі және қардың қатуы жолда мұздың пайда болуына әкелді. Осыған байланысты сағат 17:30-дан бастап қайталама өңдеу жүргізілді. 22:00-де жол бойын тазалап, мұзға қарсы реагенттер себу жұмыстары басталды. Барлық шаралар қала көшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үздіксіз жалғасуда.

Түнгі уақытта 21 техника тізбегі жолды күреу мен қарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді.

16 желтоқсаннан бері 46 мың текше метрден астам қар шығарылды.

  • Қардың салдарымен күресу үшін жұмылдырылды:
  • 603 арнайы техника, оның ішінде 130 құмсепкіш;
  • күндіз 1034 жұмысшы, түнде 957;
  • тротуар, автотұрақ, аялдама мен жерасты өткелін тазалауға арналған 70 шағын техника.

Жұмыстың негізгі кезеңдері:

  •   Әр 5 см жаңа жауған қарға көктайғаққа қарсы материалдар себу.
  •   Техникалар тізбегі арқылы қарды тырмалау және жинау.
  •   Қарды үйінді қып жинау, шығару, жол жиектерін тазалау және мұзды кетіру.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша:
 Түнде: көшпелі бұлт шығады, аздаған қар (0,5 мм-ге дейін), ауа температурасы -8…-10°C.
21 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, айтарлықтай жауын-шашын болмайды, күндізгі температура -4…-6°C. 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда сақ болып, ауа райы жағдайын ескеруді сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады