Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды

08.10.2024 14:27

Қаралы хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді

arman_duisenov_officia

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаралы хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді.

"Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. 

Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын.

Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне Құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салайық, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Айта кетейік, Арман Дүйсенов – 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол – композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 

Оқи отырыңыз: Рентгенохирургтар 47 жастағы науқас шалдыққан миокард инфарктың алдын алды