«Қонаев әуендері» ансамблінің тұсауы кесілді

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар аталып өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қонаев қалалық мәдениет үйінде шаһардың 55 жылдығына орай, «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Сондай-ақ бұл күні композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар аталып өтті. Мерекелік кеште олардың репертуарынан «Қайрат», «Аққу күйлері, «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» әндері шырқалды. Бұдан басқа да би композициялары орындалып, халықты әсерлі күйге қалдырды. 

«Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы түрлі іс-шараларды ұйымдастырудамыз. Соның ішінде бүгінгісі ерекше болып отыр. «Қонаев әуендері» ансамблінің құрамында әншілер, бишілер, күйшілер, түрлі аспаптарда ойнайтын өнерпаздар бар. Бұл ұжым алдағы уақытта барлық мерекелік шараларға қатысып, ел мәдениетін дамытуға, қаламыздың атағын аспандатуға атсалысады», – деді қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков. 

Сонымен қатар қала тұрғындары да өз пікірін білдірді.

«Биыл ұлы тұлғаларымыздың – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы деген сияқты. Осы айтулы күндермен қатар келген «Қонаев әуендері» ансамблінің ашылуы құтты болсын! Қаламыздың 55 жылдығымен де барша жұртты құттықтаймын. Өнерде ойып алар орны бар тұлғаларымыздың шығармашылығынан осы тойды бастап отыр. Керемет! Ел аман, жұрт тыныш болсын!» – деді тұрғын Айбек Ережеп.

Айта кетейік, Қонаев қаласының 55 жылдығы 22 қыркүйектен бастап алты күн аталып өтеді. Бұл күндері түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылмақ. 

Оқи отырыңыз: Көлік тарихы: «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

Новости партнеров