Конституция – бірлігіміздің тірегі: референдум қорытындыларын талқылауға арналған жиын өтті

18.03.2026 19:23

Алматыда республикалық референдум қорытындыларын талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазақ-Британ техникалық университетінің қабырғасында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге тұздық болған тақырып – «Конституция – бірлігіміздің тірегі». Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, баяндама жасады. 

«Қазақстан Халық кеңесі – бұрын болмаған орган. Қазақстанның халық ассамблеясын құрамындағы этно өкілдер, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар жұмыс атқарады. Бүгінгі шара алғашқысы дейуе болады. Өйткені, бүгін де пікірлер айтылады», – деді қалалық Азаматтық альянс төрағасы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі  Қайыржан Әбдіхалықов.

Маңызды басқосуда адам және азамат құқықтары мен бостандығын қорғау тетіктерін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ұлттық заңнаманы дамытуға бағытталған жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар жаңа Конституциядағы медициналық көмекке қатысты өзгерістерді де атап өтті.

«Мән берсеңіздер, медициналық көмекке қатысты тегін және ақысыз деген ұғым айтылды.Бұрынғы Конституцияда Қазақстан азаматтары тегін медициналық көмек алады делінді. Осы жолы ақысыз. Неге ақысыз? Өйткені, Қазақстан азаматтарына ол ақысыз, бірақ мемлекет сол азаматтар үшін қызмет көрсеткен медициналық мекемелерге қаржыны төлейді», – деді қалалық мәслихат депутаты Әкім Тұрсын.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды