Конституция күні енді Наурызнама онкүндігі аясында атап өтіледі

01.07.2026 14:43

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді

Видеодан кадр / Ақорда

Конституция күні енді Наурызнама онкүндігі аясында атап өтіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Президент қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, бұл тарихи оқиғаның ел дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен реформалардың арқасында Қазақстан саяси және экономикалық жаңғыру жолына түсіп, ауқымды өзгерістер мен қарқынды даму кезеңіне қадам басты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты - бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орын алатын, әр азаматқа тең мүмкіндік беретін және жан-жақты дамуына жағдай жасайтын Әділетті Қазақстанды құру екенін жеткізді. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді