Конституция жобасы БҰҰ қағидаттарына сәйкес келеді - Үнзила Шапақ

01.02.2026 11:07

Конституция жобасы БҰҰ жарғысында бекітілген егемендік, теңдік және халықтардың өзін-өзі анықтау қағидаттарына сәйкес келеді

t.me/consot_kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ Конституция жобасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін мазмұндық тұрғысынан қарастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Конституция жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысында бекітілген егемендік, теңдік және халықтардың өзін-өзі анықтау қағидаттарына сәйкес келеді. Конституция жобасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі Қазақстан халқы деп бекітілуі халық егемендік қағидатын айқын көрсетеді. Бұл норма Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысы, Адам құқықтары жалпыға бірдей декларациясы, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге үйлеседі.

Жалпыхалықтық референдумды халық билігін тікелей жүзеге асыру нысаны ретінде бекіту – демократиялық легитимділікті күшейтеді және халық егемендік доктринасына сәйкес келеді», – деді депутат.

Оқи отырыңыз: Абзал Құспан: Адвокатура институты – адам құқықтарын қорғаудың тікелей тетігі