Референдумға дейін:
22
күн
22
сағат
44
минут

Конституция жобасы: жалпыұлттық коалиция мүшелері студенттермен кездесті

жаңа Ата Заңның жобасын 130 адамнан тұратын ауқымды комиссия дайындаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

1995 жылғы Конституцияны небәрі 12 адамнан құралған сарапшылық кеңес әзірлесе, жаңа Ата Заңның жобасын 130 адамнан тұратын ауқымды комиссия дайындаған. Жалпыұлттық коалиция мүшелері студенттермен кездесу барысында жаңа жоба туралы осындай деректер келтірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ басқосуда депутаттар Конституция мәтініндегі басымдықтарға ерекше тоқталды. Олар құжатта «егемендік» сөзі алты рет аталатынын тілге тиек етіп, бұл – ел тәуелсіздігін айқындайтын маңызды ұстанымдардың бірі екенін алға тартты.

«Бізде үлкен науқан жүріп жатыр. Өйткені қаншама жылдан бері Ата Заңның өзгермеген. Жоба халықтың жағдайын жасауға көңіл бөлінді деп ойлаймын. Осы референдумға дауыс беруге шақырамын», – деді  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлектер қауымдастығының жетекшісі Болатбек Нұрбатыров.

Сонымен қатар кездесуде жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның мазмұны қарапайым азаматтардың мүддесіне бағытталғанын жеткізді. Бұған нақты дәлел де бар екен. Мәселен жаңа Конституцияда «адам» сөзі 53 рет қолданылған. Ал 1995 жылғы Конституцияда бұл ұғым небәрі 27 рет кездескен.

Оқи отырыңыз: Қонаевта жаңа Конституция жобасы мен негізгі институционалдық өзгерістер талқыланды

Новости партнеров