Референдумға дейін:
22
күн
21
сағат
6
минут

Жамбыл жыры – халық үні: Алматыда мәдени кеш өтті

Басқосуға жазушылар, әдебиеттанушылар, ақын ұрпақтары мен жас оқырман қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл жыры – халық үні» атты мәдени кеш өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Басқосуға жазушылар, әдебиеттанушылар, ақын ұрпақтары мен жас оқырман қатысты. Іс-шарада қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жырау Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, оның айтыс пен жыр дәстүрін дамытудағы тарихи рөлі сөз болды. Бұдан бөлек ұлы ақынның жырлары мен өлеңдері оқылып, әуезді әндер шырқалды.

«Жамбыл бірнеше кезеңнің тарихи кезеңдеріне куәгер адам ретінде, суырып салма ақын ретінде, қара сөзің дүлдүлі ретінде шығармашылығын нәсихаттау жас ұрпаққа жеткізу, сөз өнерін қара сөз өнерін түсіндіру – мақсат», – деді Ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму орталығының сарапшысы Гүлсім Сапақова.

«180 жылдыққа атаның музейінен біраз экспонаттарын, жеке заттарын әкеліп отырмыз. Олардың арасында домбырасы, ордендеры, киген шапаны деген сияқты заттары бар. Сәкен Сейфуллин «Жамбылдың жырлары теңіздің түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны теріп алып, халқының қолына беру – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз» дейді. Ақын шығармаларын дәріптеп нәсихаттау – біздің міндет», – деді  Жамбыл жабаев атындағы Әдеби-мемориалдық музейінің директоры Салтанат Жамбылова.

Оқи отырыңыз: Уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың энергия тұтынуына әсер еткен жоқ - Сұңғат Есімханов 

Новости партнеров