Конституция жобасын бүкілхалықтық дауыс беру үшін референдумға шығаруды ұсынамын - Айдарбек Қожаназаров

05.02.2026 21:07

Жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығару ұсынылды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жекелеген баптар пысықталғаннан кейін құжатты бүкілхалықтық дауыс беруге ұсыну қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, конституциялық реформаны талқылау 6 айға жуық уақытқа созылған. Осы кезеңде халықтан мыңдаған ұсыныс түсіпті. Сонымен қатар құжат мәтінімен кәсіби заңгерлер, қоғам белсенділері мен түрлі саладағы сарапшылар мұқият жұмыс жүргізген.

 «Көріп отырғанымыздай, ұсыныстардың басым бөлігі тек заңдық сипатқа ие және редакциялық түзетулер енгізуге бағытталған. Осыған байланысты, Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптарды пысықтап, редакциялық өңдеуден өткізгеннен кейін жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық дауыс беру үшін референдумға шығаруды ұсынғым келеді», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров.

Оқи отырыңыз: Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды