Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

16.10.2024 10:40

Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген

elements.envato.com

2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген. 

Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланған. 

"Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді", – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Оқи отырыңыз: Алматыда биыл қанша үй күрделі жөндеуден өтті