Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады – Президент өз Жолдауында

28.10.2026 12:48

Мемлекет басшысы бұл бастаманы «Халықтық құрылыс» деп атауды ұсынды

depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қомақты қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, көптеген елді мекенге газ және таза ауыз су жеткізіледі. Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлеп, барлық өңірді қамтуы керек.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы «Халықтық құрылыс» деп атауды ұсынды.

«„Халықтық құрылыс“ бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп, оның игілігін бүкіл халық, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді.

Толық көрсету