Қордай ауданында жасөспірім қыздың денесі табылды

10.11.2024 14:19

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады

Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД

Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

— Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні жарияланды