Көршісі пышақтап кеткен: Қызылордада екі адам кісі қолынан қаза тапты

09.01.2026 14:12

Жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні қылмыс орнында ұстады

Almaty.tv

Қызылордада екі адам кісі қолынан қаза тапты. Жантүршігерлік оқиға жайында полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген, деп хабарлайды Almaty.tv

Жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Қайғылы жағдай қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған. Анасы мен 34 жастағы қызын көршісі пышақтап, ауыр дене жарақатын салған. Бұл дерек адам өлтіру бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. 49 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын Полиция департаменті қатаң бақылауға алған.

Оқи отырыңыз: Автобусқа жалған нөмір тағып оқушыларды тасыған