Қостанай облысында 1900-ден астам адамды ит қапты

Depositphotos
Depositphotos

Оның ішінде мыңнан астам ит қабу және 400-ден астам мысық тырнау оқиғасы бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылдың 9 айында құтырмаға қарсы ем іздегендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 726-ға өсіп, 3058-ді құрады. Зардап шеккендердің арасында мыңға жуық бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Аймақта жедел жәрдем шақырушылардың дені үй жануарларынан зардап шеккендер. Былтыр 2223 жағдай тіркелсе, биыл көрсеткіш 2907-ге жеткен. Оның ішінде 1913 адамды ит қапқан. Былтыр бұл көрсеткіш 1582 болатын. Сондай-ақ 976 адам (2024 жылы 641) мысықтан, 18 адам қорадағы малдан зардап шеккен. 151 адамға тышқан, қасқыр, түлкі, қарсақ және басқа да жабайы жануарлар тап берген", — деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

Сонымен қатар, үй жануарлардың 1443 адамға шабуылы тіркелді. Оның ішінде мыңнан астам ит қабу және 400-ден астам мысық тырнау оқиғасы бар.

Мамандарды адамдардың жануарлардан жарақат алуы көбейіп келе жатқандығы алаңдатады. Тоғыз айда 1300-ден астам адам бас, бет, мойын және қолынан жарақат алған.

Соңғы расталған құтыру оқиғасы 2025 жылдың маусымында Лисаковск қаласында тіркелген. Жәбірленуші оқыс оқиғадан кейін медициналық көмекке жүгінбеген, профилактикалық екпе алмаған.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорындағы ақша: Атырауда кәсіпкерлер тергеу ісіне наразылық білдірді

 

Новости партнеров