Қостанай облысында 86 адамның неден уланғаны белгілі болды

Ас үй жұмысшыларының санитарлық кітапшасы болмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында 86 адамның неден уланғаны белгілі болды. Санитарлық-эпидемиологиялық департамент мамандарының сөзінше, тексеріс кезінде алынған сынамалардан ішек тобы таяқшасы бактериялары табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал кафе қызметкерлерінен сальмонеллёз ауруы анықталыпты. Мұнымен қоса, ас үй жұмысшыларының санитарлық кітапшасы болмаған. Полиция аталған факті бойынша «Санитарлық ережелерді бұзу» бабымен іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, осыдан 2 апта бұрын Арқалықтағы мейрамханалардың бірінде той өтіп, ондағы 86 адам астан уланған еді. Тіпті мерекеге қатыспаған, бірақ «сарқыт» жегендердің жүрегі айнып, іші өтіп, ауруханаға жеткізілген. Қатарында балалар мен жүкті әйел де болған. Бүгінде олар толықтай емделіп, үйіне жіберілген.

 «Аурудың таралуына кафеде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталмауы себеп болған. Ас үй жұмысшылары санитарлық кітапшасыз еңбек еткен. Бүгінде тамақтану орнымен полиция жұмыс істеп жатыр. Мейрамхана уақытша жабылды», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

Оқи отырыңыз: Ет бағасы келесі жылы да қазіргі деңгейде сақталу керек – Айдарбек Сапаров

Новости партнеров