Қостанай облысында алаяқтарға SIM картасын беріп, оларға көмектесіп жүрген жас жігіт ұсталды

07.10.2025 08:55

Күдікті өз кінәсін мойындаған

polisia.kz

Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара нәтижесінде WhatsApp пен Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасыәшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу деректеріне қарағанда, күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын тіркеп, оларды WhatsApp-та белсендіріп, кейін Telegram арқылы жалға берген.
Бірнеше ай ішінде ол 35-ке жуық абоненттік нөмірді жалға беріп, шамамен 5 миллион теңге табыс тапқан.

Осы нөмірлерді пайдаланып, алаяқтар Қостанай мен Тобыл тұрғындарын «Сізге сәлемдеме келді» деген сылтаумен алдап, 2 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Полиция дәлел ретінде құрылғылар мен SIM-карталарды тәркіледі. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Құқық қорғау органдары ескертеді: басқа тұлғалар атына тіркелген SIM-карталарды жалға беру немесе пайдалану – заңмен тыйым салынған әрекет.

Мұндай жағдайларда жауапкершілікке жалға беруші де, жалға алушы да тартылады.

Оқи отырыңыз: Бала ағзасында дәрумен жетіспейтінін қалай білуге болады