5 қарашадан бері іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған жергілікті тұрғын бес күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Қарабалық ауданы Славянка ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туылған ер адам мал іздеп шығып, сол күйі хабарласпай кеткен", - делінген ТЖД хабарламасында.
5 қарашадан бергі іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шекарашылар, еріктілер, кинологтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға әсіресе күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Бірнеше негізгі ұсыныстар:
Оқи отырыңыз: